Бізге жазылыңыз:

Жеке меншік жатақханалардың бағасы 40 мың теңгеден аспау керек – Ғылым министрлігі

Жеке меншік жатақханалардың бағасы 40 мың теңгеден аспау керек – Ғылым министрлігі
Тұру құнына келсек, Алматы, Астана қалаларында жатақхананың айлық ақысы 20 мың теңгеден басталады. Университет жанындағылардың бағасы 30 мың теңгеге дейін барады. Ал жеке меншік жатақханалардың инвесторларына айтып отырмыз. Олар әр студентке мемлекет ақша алатындықтан, құнын 40 мың теңгеден асырмаңыздар деген талап қойылды, - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Комитет басшысы әлеуметтік топқа жататын балаларға университет жанындағы жатақханалардан орын табылмай жатқанын растады.

- Ол азаматтар жеке меншік жатақханаларға барып жатыр. Ол жерде де университет тарапынан 20-50 пайыз жеңілдік жасалып отыр. Сондықтан жеке меншік жатақханаларда тұру құны 40 мың теңгеден аспайды. Ал жеке меншік қонақүйлер мен хостелдерге келсек, әрине, 60 мың теңгеге дейін баратын бөлмелер бар, - деді Ақерке Абылайхан.

Ұқсас материалдар