ЖАҢАЛЫҚТАР
Зейнетақы жинағын ипотека мерзімін қысқарту үшін пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін
Жоба «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-27) тармақшасына сәйкес әзірленген.
— Өзгерістердің негізгі мақсаты қағидаларды жаңа Салық кодексінің нормаларына сәйкестендіру және азаматтардың банктер алдындағы борыштық жүктемесін азайту. Енді зейнетақы жинақтарын негізгі қарызды өтеу, ай сайынғы төлемді азайту немесе ипотекалық қарыз мерзімін қысқарту үшін пайдалану мүмкіндігі нақтыланады, — делінген құжатта.
Сондай-ақ құжат қабылданған жағдайда тұрғын үйді жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың тиімді тетіктері бекітіледі.
Аталған бұйрық 2025 жылғы 21 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.





