ЖАҢАЛЫҚТАР
Зейнетақы активтерінің кірістілігі минусқа кетті, БЖЗҚ салымшыларды сабырға шақырды
Жыл басынан бері зейнетақы активтерінің кірістілігі теріс мәнде қалыптасты. Алайда БЖЗҚ алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді.
📉 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай:
▪️ Инвестициялық табыс – (-370,56 млрд теңге)
▪️ Зейнетақы активтерінің кірістілігі – (-1,64%)
▪️ Негізгі себептер: теңгенің долларға қатысты нығаюы және мемлекеттік бағалы қағаздар құнының төмендеуі
💬 "Қысқа мерзімді ауытқулар – қалыпты жағдай. Қазақстанда инфляцияны ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік қарастырылған", – деп түсіндірді БЖЗҚ.
Дегенмен, соңғы 12 айда кірістілік 13,74%-ды құрады, ал инфляция 9,4% болды. Қор өкілдері зейнетақы жинақтарын ұзақ мерзімді перспективада бағалаған жөн екенін еске салды.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жолақы, тұрғын үй, медицина: Қазақстан азаматтарына Қатарға жол ашылды
- 18 желтоқсан, 2025





