Бізге жазылыңыз:

Жамбыл облысында 30 млн теңге тұратын автокөліктің ұрлануына жол берілмеді

Жамбыл облысында 30 млн теңге тұратын автокөліктің ұрлануына жол берілмеді
Таразда полиция алаяқтық әрекетін жедел тоқтатты. Ұйымдасқан әрекеттердің арқасында көлік заңды иесіне қайтарылды. Павлодар тұрғыны Алматыдағы автосалоннан автокөлік сатып алды-да, құжаттарды рәсімдегеннен кейін ол көлікті үйіне жеткізу үшін эвакуатор шақырды. 

Алайда, процесте бөгде адам араласып, өзін иесі ретінде таныстырып, көлікті заңсыз иемденуге тырысты. Ол эвакуатор жүргізушісіне қоңырау шалып, тасымалдаудың бір бөлігін төледі, маршрутты өзгерткенін айтып, көлікті қаладағы тұрақтардың біріне қалдыруды сұрады. Жүргізуші алдауды сезбей, өтінішті орындады. Содан кейін қылмыскер екінші эвакуаторды шақырып, көлікті қала сыртына алып кетті. 

Нағыз иесі GPS арқылы көліктің жоспарланған маршруттан ауытқып бара жатқанын байқап, полицияға жүгінді. Көлік туралы ақпарат Жамбыл облысы полиция департаментінің барлық патрульдік экипаждарына жедел жеткізілді. 

Ұсталған сәтте күдікті автосервиске бағыт алып, көлікті СТО-ға өткізіп, іздерін жасырып, көлікті әрі қарай сату үшін дайындауды жоспарлаған.

Басқа да таңғаларлық жаңалықтарды “24KZ” телеарнасындағы «Кезекші бөлім» жаңа шығарылымынан көріңіздер.

Эфирде және  24.kz сайтында күн сайын жұмыс күндерінде қараңыз.

Ұқсас материалдар