Бізге жазылыңыз:

Жаңа Салық кодексі тұрғын үй бағасына әсер етпейді – Вице-министр

Жаңа Салық кодексі тұрғын үй бағасына әсер етпейді – Вице-министр
Оның айтуынша, бұл ереже жаңа салынатын үйлер бойынша ғана енгізіледі.

– Құрылысы 2024 жылы басталған үйлерге ҚҚС салынбайды. Қосылған құн салығы тек қана 2026 жылдан басталатын үйлер бойынша ғана салынады. Екіншіден, құрылыс саласы бойынша барлық төлемге 16% ҚҚС салынбайды. Себебі құрылысшылардың сатып алатын материалдары бар, олардың ішінде ҚҚС мөлшерлемесі бар. Сол айырмашылық қана төленеді, – деді Е.Біржанов.
Сонымен бірге, вице-министр салық мөлшерлемесі тұрғын үй бағасына әсер етпейтінін айтты.

– Тұрғын үй бағасын нарықтың өзі реттейді. Егер Астанада сұраныс көп болса, үй бағасы автоматты түрде өсіп отырады. Оның салығы бар ма, жоқ па, оған қарамайды. Бұл жерде бәсекелестік қағидасы жұмыс істеуі керек деп ойлаймын, – деді Е.Біржанов.

Ұқсас материалдар