Бізге жазылыңыз:

Вокзалдарды жаңғыртуға 100 млрд теңге бағытталады

Вокзалдарды жаңғыртуға 100 млрд теңге бағытталады

Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаңғыртуға арналған ауқымды бағдарлама аясында 124 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңғырту жұмыстары басталар алдында барлық вокзалдарға техникалық аудит жүргізілген. Сараптама нәтижесінде 37 вокзал ғимаратының техникалық жағдайы талаптарға сай келмейтіні анықталып, оларды толық бұзу туралы шешім қабылданған. Сонымен қатар елдегі вокзалдардың шамамен 80%-ының пайдалану мерзімі аяқталған.

Жоба аясында ескі ғимараттарды күрделі жөндеу және жаңаларын салумен қатар, жолаушылар платформалары, инженерлік және байланыс жүйелері жаңартылады. Сондай-ақ вокзалдардағы жабдықтар мен жиһаздар ауыстырылады.

«ҚТЖ» мәліметінше, 124 вокзалды жаңғыртуға шамамен 100 млрд теңге жұмсалады. Қаржыландыру еурооблигациялар шығару арқылы тартылған қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылмақ.

Жаңғырту бағдарламасы теміржол инфрақұрылымының сапасын арттыруға, өңірлердегі көлік қолжетімділігін жақсартуға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет деңгейін көтеруге бағытталған.

Ұқсас материалдар