
2025 жылы Түркістан облысында жалпы көлемі 744 гектар болатын бес жаңа индустриялық аймақ құрылды:
– «Жетісай» – 59 га
– «Отырар» – 85 га
– «Арыс» – 30 га
– «Қарамұрт» – 523,9 га
– «Шардара-2» – 46,1 га
Аталған аймақтарда жалпы құны 129 млрд теңге болатын 84 жоба іске асырылмақ. 2025 жылы оның ішінен 17 жоба, 49,7 млрд теңгеге жуық қаржымен іске қосылады.
🔧 Төле би ауданында жаңа индустриялық аймақ ашу және Түркістан мен Ордабасы аудандарындағы аймақтарды кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
🧱 Сауран ауданында "Шағын өнеркәсіп паркі" жобасы іске асырылып жатыр. Онда 152 өндірістік нысан салынып, 308 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Бұл жоба 6040 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде 11 жоба жүзеге асырылып, 790 адам жұмыспен қамтылды.
🚀 JASYL SUYQ QAZAQSTAN компаниясы 40 мың сауда тоңазытқышы шығаратын зауытты іске қосты. Жобаға 30 млн еуро инвестиция құйылған, 1000 жұмыс орны құрылды.
📦 Ордабасы ауданында "Бадам" өндірістік паркі салынып жатыр (8 га). Мұнда 5 кәсіпорын ашылады.
Иассы, Қарашық, Үшқайық, Жүйнек ауылдарында 4 алаңда 22 ғимараттың құрылысы жүріп жатыр.
👕 Сонымен қатар, Мактаарал ауданында өзбекстандық Global Textile компаниясы текстиль фабрикасы мен логистикалық орталық салып жатыр. Жоба құны — 21 млрд теңге, 2000-нан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.
🌱 Айта кетейік, елдегі барлық жылыжайлардың 70%-ы Түркістан облысында орналасқан. Жылыжайлар аумағы жыл сайын артып келеді. Халықаралық стандартқа сай көтерме тарату орталығын құру қарастырылуда.