Бізге жазылыңыз:

Түркістан облысында тоңазытқыш шығаратын жаңа зауыт іске қосылды

Түркістан облысында тоңазытқыш шығаратын жаңа зауыт іске қосылды

Түркістан облысында 60 млн еуро инвестиция салынған жаңа өндіріс орны жұмысын бастады. Жоба украиналық компаниямен бірлесіп жүзеге асырылып, кәсіпорын жыл сайын 140 мың дана тоңазытқыш шығарады деп жоспарланған.

Сонымен қатар мұнда сусындарға арналған тоңазытқыш сөрелер мен мұздатқыштар өндірісі де жолға қойылады. Жоба аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

🔹 Ордабасы ауданында 8 гектар аумақты қамтитын "Бадам" өндірістік паркінің құрылысы басталды. Мұнда отандық компаниялардың қатысуымен 5 нысанның іске қосылуы көзделуде.

🔹 Сонымен қатар Қытайлық компания ауыл шаруашылығы дрондарын өндіретін зауыт салуға қызығушылық білдіруде. Жобаның құны — 5 млн АҚШ доллары, ал өндірістік қуаты — айына 600 дрон.

Қазіргі таңда Түркістан облысында 14 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Оларда жалпы құны 129 млрд теңге болатын 84 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. 2024 жылы 49,7 млрд теңгеге бағаланған 17 жоба іске қосылады деп күтілуде

Ұқсас материалдар