Бізге жазылыңыз:

Түркияда Қазақстан атынан салынып жатқан мектептің құрылысы ортасынан асты

Түркияда Қазақстан атынан салынып жатқан мектептің құрылысы ортасынан асты
KazAID халықаралық даму агенттігі нысанның құрылысы ортасынан асқанын хабарлады.- KazAID агенттігі Түркиядағы 2023 жылғы зардабы қатты жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа көмектесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен қолға алынған мектеп құрылысы айтарлықтай ілгері жылжып жатқанын хабарлайды. Мектеп 960 орынға арналған. Оның ішінде бастауыш мектептің 32 сыныбы, 4 мектепке дейінгі сынып бар. Құрылыс жұмыстары ортасынан асты. Бетон қаңқасы бой көтеріп, ішкі-сыртқы қабырғалары қаланып болды. Қасбет жұмыстары мен инженерлік желі тарту жұмыстары жалғасып жатыр, - деп жазылған ресми ақпаратта.

Ұқсас материалдар