Бізге жазылыңыз:

Түрік агрохолдингі Солтүстік Қазақстанда май шығаратын зауыт салады

Түрік агрохолдингі Солтүстік Қазақстанда май шығаратын зауыт салады

Tiryaki Agro халықаралық агрохолдингі Солтүстік Қазақстан облысында май шығаратын зауыт салмақ. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Нысан Qyzyljar арнайы экономикалық аймағында бой көтереді. Кәсіпорында күнбағыс, рапс және зығыр майы өндіріліп, өндірістік қуаты тәулігіне 1 500 тоннаға дейін жетеді деп жоспарланған. 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Tiryaki Agro түрік компаниясының өңірлік директоры Коксал Салих Юлдузбенкездесіп жобаның мән-жайын талқылады.

«Біздің өңір дәнді және майлы дақылдар өндірісінде, оның ішінде күнбағыс, рапс және зығыр бойынша жетекші орында. Майлы дақылдарды өңдеуге бағытталған бұл жобаның жүзеге асуы облыстың өңдеу өнеркәсібін ары қарай  дамытуға септеседі», – деп атап өтті әкім.

Бұл түрік инвесторы Қазақстанда қолға алған алғашқы жоба емес. Tiryaki Holding Астанада дәнді және бұршақ дақылын терең өңдейтін агроөнеркәсіптік кешен салатыны хабарланған. Жоба құны – 320 млн доллар.

Ұқсас материалдар