ЖАҢАЛЫҚТАР
Токаев: Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад – ұлттық рухтың символы

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған басты оқиға – әскери парад болатынын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы бұл Жеңістің маңызы зор тарихи сабақ екенін айтып, жауыз идеология мен халықаралық құқықты елемеудің қайғылы салдарын еске салды.
Республикада 500-ден астам көше ҰОС батырларының есімімен аталатын болады. Бұл – олардың ерлігіне деген құрмет пен тарихи жадымызға деген қамқорлық.
«Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты кешенді жоспар аясында 2000-ға жуық іс-шара өткізіледі. Сонымен қатар, ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетіледі.