Бізге жазылыңыз:

Теміржолда транзиттік жүк көлемі 100 млн тоннаға дейін жетеді

Теміржолда транзиттік жүк көлемі 100 млн тоннаға дейін жетеді
Қазақстанда 300-ден астам оператор жұмыс істеп отыр. Олардың қолында 142 мың жүк вагоны бар. Бұл қазіргі жүк тасымалының қажеттілігін толық қамтиды. «Қазақстан темір жолы» үлесі — 41 пайыз және бұл вагондар әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жұмыс істейді. 2029 жылға дейін операторлар тарапынан 7 мыңнан астам жаңа вагон сатып алынады. Бұл жүк тасымалының өсіп келе жатқан әлеуетін сақтап, дамытуға мүмкіндік береді, — деді Н. Сауранбаев Үкімет отырысында.
Министр азақстан халықаралық сауда бағыттарында орналасқанын айта келе, еліміз арқылы 5 халықаралық теміржол дәлізі жұмыс істеп тұрғанын еске салды.

— Қазақстан қазір халықаралық транзиттік хаб ретіндегі мәртебесін нақты бекітті. Соңғы 10 жылда транзит көлемі екі есеге өсіп, 2024 жылы 27,4 млн тоннаға жетті. Теміржол саласында атқарылып жатқан жұмыстарды ескере отырып, биыл транзит көлемі 33 млн тоннаға жетеді. Ал келесі жылы 54 миллионнан асуы керек. 2029 жылдың соңына дейін транзиттік тасымал көлемін  67 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Халықаралық сарапшылардың (KPMG және PwC) болжамы бойынша 2035 жылға қарай транзиттік жүк көлемі 100 млн тоннаға дейін жетеді (4,4 трлн теңгені құрайды). Алдағы уақытта біздің мақсатымыз — бұл көрсеткішке ертерек қол жеткізу. Еліміздің транзиттік әлеуетінкөтеру және тарифтік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жоспарлы жұмыстар өткізіліп жатыр, — деді ведомство басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, қазір 7 терминал жұмыс істеп жатыр.

Олар: Ляньюньган, Сиань, Достық, Қорғас, Құрық, Ақтау және Алматы. Жақында 2 терминал ашылады: Селятино және Свислочь. Болашақта тағы да 5 терминалды дамыту бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Осылайша, «Шығыс — Батыс» бағытында қазақстандық терминалдар желісі құрылады.

Ұқсас материалдар