Бізге жазылыңыз:

Теңге бағамы дамыған елдердің валютасы деңгейінде құбылып тұрды - Ұлттық банк

Теңге бағамы дамыған елдердің валютасы деңгейінде құбылып тұрды - Ұлттық банк
ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамының құбылмалылығына қатысты талдау деректерін ұсынды.
Оның айтуынша, теңге бағамының құбылмалылығы деңгейі дамыған елдердің валюталарымен шамалас. 2025 жылы орташа есеппен Қазақстанның ұлттық валютасының құбылуы 7,5 пайызды құрады. Сонымен қатар, еуро бағамының құбылмалылығы 7,2 пайызды, ал фунттың құбылмалылығы 7,8 пайыз шамасында болды.

— Бұл тұрғыда теңге бағамы дамыған елдердің валюталары сияқты өзгеріп тұрғанын байқауға болады. Мысалы, Мексика мен Бразилия сияқты елдердің валюталары 10-11 пайыз деңгейінде құбылды. Әрине, Ресей рублінің бағамы ең көп өзгерген валюта болғаны да түсінікті жағдай. Көрші елде былтыр бағамның құбылмалылығы 19 пайыз болса, ал жыл басынан бері шамамен 12 пайызға жетті. Осы салыстырмалы талдау негізінде теңгеміз басқа валюталардың көбісіне қарағанда тұрақты, деді Әлия Молдабекова елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Ұқсас материалдар