— Белгілі бір сандық шектеу енгізу туралы сөз болып отырған жоқ, яғни ол қаулыда нақты белгіленбейді. Бұл тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Банктер қарыз алушының тәуекел профилін, табыс деңгейін бағалап, соған қарай шешім қабылдайды, — деді Мәдина Әбілқасымова.
Ол сондай-ақ 2020 жылдан кейін пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты ипотека бойынша мерзімі өткен берешектің артқанын атап өтті.
— Сондықтан банктерге тәуекелдерді басқару жүйесі аясында жоғары тәуекелге ие қарыз алушыларға несие бермеу міндеті жүктеледі, — деп түсіндірді ол.





