Бізге жазылыңыз:

Шығыс Қазақстан Dongfeng Motor компаниясымен ынтымақтастықты кеңейтеді

Шығыс Қазақстан Dongfeng Motor компаниясымен ынтымақтастықты кеңейтеді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қытайдың жетекші автокөлік өндірушілерінің бірі – Dongfeng Motor Corporation басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар өңірде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Облыс әкімі Шығыс Қазақстанның стратегиялық инвесторларды тартуға, заманауи технологияларды енгізуге және жаңа өндірістерді іске қосуға басымдық беретінін атап өтті.

«Ірі халықаралық компаниялармен ынтымақтастық Шығыс Қазақстан облысының экономикасын дамытуға және аймақта жаңа жұмыс орындарын ашуға қосымша мүмкіндіктер береді», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында Dongfeng Motor қатысуымен ірі инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігі пысықталуда.

Ұқсас материалдар