Саясат Нұрбектің айтуынша, докторанттардың шәкіртақысы жақсы көтерілді. Бүгінде олар ай сайын шамамен 254 мың теңге шәкіратқы алады. Оның мөлшерін алдағы уақытта да кезең-кезеңмен көтеру жоспарланған.
Министр қосылған құн салығының артуына байланысты жоғары оқу орындарында білім алу құнының өзгеру мүмкіндігіне қатысты да пікір білдірді. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу құны реттеледі және инфляцияны ескере отырып, 10 пайызға дейінгі шекте түзетуге рұқсат беріледі.
- Сондықтан биыл да тежеп, барлық жоғары оқу орнымен кеңесеміз әрі оқу ақысының күрт өсуіне жол бермейміз, - деді ол.





