Бізге жазылыңыз:

Starlink интернетінің ай сайынғы төлемі 20-25 мың теңге болуы мүмкін

Starlink интернетінің ай сайынғы төлемі 20-25 мың теңге болуы мүмкін
— Starlink биылғы жылдың 3-тоқсанында бүкіл ел аумағында толық көлемде нақты жұмыс істей бастайды, оны кез келген азамат пайдалана алады. Қазір компания бағасын белгілеп, жерге қондыру нүктесі бойынша техникалық мәселелерді анықтап жатыр. Алайда ол оптикалық интернетке қарағанда сәл қымбатырақ, сондықтан азаматтарда әрдайым таңдау құқығы болады, — деді Ж. Мәдиев.
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың айтуынша, Starlink интернетінің ай сайынғы абоненттік төлемі — 20-25 мың теңге болуы мүмкін.

— Ауылдарды Starlink спутниктік жүйесіне неге қоспайды деп сұрап жатыр. Ол қосылады. Оған ешкім қарсы емес. Бірақ оның бағасы қымбат, абоненттік ай сайынғы төлемі кем дегенде 20-25 мың болады. Ақшасы барлар оны төлеп ала береді, ал қарапайым халықты кім ойлайды?, — деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Ұқсас материалдар