Бізге жазылыңыз:

Солтүстік Қазақстан облысы 900 млрд теңгеге жуық инвестиция тартты

Солтүстік Қазақстан облысы 900 млрд теңгеге жуық инвестиция тартты
Мәселен, өңірде ашылған «ЗИКСТО» зауыты жылына 3200 жолаушылар вагоны мен вагон-платформаларын шығара алады, оған 24,3 млрд теңге инвестиция салынған. Өндірілген вагондар республикадағы теміржолдарда қолданылады.

— Өңірде жалпы құны 894 млрд теңге болатын 51 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр, осының арқасында 7,8 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша тартылған тікелей инвестициялар көлемі жылдық жоспардан 2 есе артық болды, — деді Ғ. Нұрмұхамбетов елордада Орталық коммуникациялар қызметінде. 
Оның айтуынша, «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы қаржы тартудағы негізгі орталыққа айналды. Өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін ескере отырып, арнайы экономикалық аймақ кеңейтіліп, ауылдарда екі жаңа субаймақ құрылған.

— Өңірге ДСП және ЛДСП плиталарын, тракторлар мен қосалқы ауыл шаруашылығы техникасын, кондитерлік өнімдерді өндіру жобаларын жүзеге асыратын тек ірі шетелдік компаниялар ғана келіп отырған жоқ. Отандық инвесторлар да белсенділік танытып, саңырауқұлақ фермасы мен компост зауытын іске қосты, — деді облыс әкімі.

Ұқсас материалдар