
— Бұл бағытта Алтай, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандары белсенді жұмыс жүргізіп келеді. 2024 жылдан бастап заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жайылымдық жерлер тұрғындарға тікелей берілмейді. Жайылымдарды пайдалану тек жайылымдарды басқару жоспарына сай жүргізілуі тиіс, — дейді басқарма басшысы Надежда Михейлис.
Биыл мемлекет меншігіне 120 мың гектар жер қайтарылады деп жоспарланған. Бүгінде бұл жоспардың 67%-ы (80,3 мың гектар) орындалды.
Десе де кей ауданда бұл жұмыс сылбыр жүргізілген. Мәселен, Самар ауданында — небәрі 10% (1,4 мың гектар), Марқакөл ауданында — 33% (4 мың гектар) жер тәркіленген.