Бізге жазылыңыз:

СҚО-да қайтарылған активтер есебінен жаңа сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды

СҚО-да қайтарылған активтер есебінен жаңа сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Салтанатты іс-шараға Айыртау ауданының прокуроры м.а. Зейнуллин Жеңіс, аудан әкімі Меңдібаев Мейрам, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа жүйе 240 тұрғынға орталықтандырылған ауыз су беруді қамтамасыз етеді. Бұл елді мекен тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Жоба мемлекетке қайтарылған қаражаттың әлеуметтік маңызы бар нысандарды қаржыландыруда тиімді пайдаланылғанын көрсетеді. Солтүстік Қазақстан облысында қайтарылған активтерді пайдаланып, денсаулық сақтау және коммуналдық шаруашылық салаларында барлығы 32 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. 

Осы жобалардың орындалуы қадағалау органының бақылауына алынған.

Ұқсас материалдар