Бізге жазылыңыз:

Шетелдік студенттер ел бюджетіне 22 млрд теңге құйды

Шетелдік студенттер ел бюджетіне 22 млрд теңге құйды
2025-2026 оқу жылдары шетелдік студенттер ел бюджетіне 22 млрд теңге қаржы түсірді. Бұл туралы бүгін мәжіліс брифингінде ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекайтты.
Оның сөзінше, шетелдік түлектерді тарту үшін «Study in Kazakhstan» атты бірыңғай цифрлық платформа іске қосылған. Масштабты түрде ақпараттық кампания жүргізіліп жатыр.

«Осы жылы да шетелдік студенттер көп болады деп болжап отырмыз. Таяу Шығыстағы жағдайда бұған ықпал етіп жатыр. Оқуын ауыстыру, қайта оқуға түсуге қатысты сұранымдар көбейді. Осы жылы халықаралық студенттермен жұмыс істеу арқылы 22 млрд теңге тарттық», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025-2026 оқу жылының басында елдегі ЖОО-ларда 33,5 мың шетелдік студент оқыған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,7%-ға көп. Олардың басым көпшілігі ТүрікменстанҮндістанӨзбекстаннанкелген.  

Ұқсас материалдар