Бізге жазылыңыз:

Семей мен Өскеменде ЖЭО кім салатыны жақында белгілі болады

Семей мен Өскеменде ЖЭО кім салатыны жақында белгілі болады
Басында үш жылу электр орталығын Ресей тарапымен бірлесіп саламыз деген үкіметаралық келісім болды. Бірақ, үш жылу электр орталығы да «Самұрық-Энерго» АҚ меншігінде болады, Ресей тек қаржыландырады, яғни мердігер болады деп келісілген. Қаржыландыру мәселесі шешілмеуіне байланысты Үкіметтің шешімімен Көкшетаудағы жыл орталығын «Самұрық-Энерго» компаниясы өз салып бастады, - деп жауап берді Сұңғат Есімханов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 
Вице-министрдің мәлімдеуінше, жылу электр орталығы Қытай технологиясының негізінде салынып жатыр.

- Қалған екі ЖЭО бойынша жақын арада шешім қабылданады, - деп қысқа қайырды. 
Сондай-ақ министрдің орынбасары ЖЭО салуға Ресейдің қатысы болмайтынын тілге тиек етті. 

Еске салсақ, былтыр сәуірде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Кейін еліміздің үш қаласында салынатын жылу электр орталықтары «Самұрық-Энерго» компаниясының теңгерімінде болатыны белгілі болды. 

Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша Көкшетаудағы жылу орталығы 2029 жылы, Өскемендегі орталық 2031 жылы, ал Семейдегі орталық 2032 жылы толық пайдалануға беріледі.

Ұқсас материалдар