Операция нәтижесінде елдің бас байланыс операторының капиталындағы Қордың үлесі айтарлықтай өсіп, 80,85%-дан 91,28%-ға жетті. Самрық-Қазына қадамды нарықтағы қазіргі қолайлы конъюнктура мен компанияның жоғары инвестициялық тартымдылығына негіздеп отыр. Мамандардың пікірінше, акцияларды шоғырландыру туралы шешім «Қазақтелекомның» жаңартылған стратегиясымен тікелей байланысты.
2029 жылға дейін SPO болады«Самұрық-Қазынаның» бақылау пакетін ұлғайтуы жай ғана активтерді жинақтау емес, компанияның құнын болашақта еселеуге бағытталған стратегиялық қадам. Үкіметтің №894 қаулысына сәйкес, актив 2029 жылға дейін қайтадан нарыққа (SPO) шығарылуы тиіс. Оған дейін Қор компанияны өсу фазасына өткізіп, инвесторлар үшін акциялардың қосымша құнын қалыптастыруды және кейіннен оларды неғұрлым тиімді шарттармен сатуды жоспарлап отыр.





