Бізге жазылыңыз:

Салық органдарында биометриялық сәйкестендіру енгізіледі

Салық органдарында биометриялық сәйкестендіру енгізіледі
Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 

Құжатта көрсетілгендей, аталған бастаманың мақсаты — салық төлеушілер үшін ашық жағдай жасау және жалған шот-фактураларды жазып беру тәуекелін азайту.

Жаңа қағида компаниялардың қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысы жоқ тұлғалардың араласуын болдырмау арқылы бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл көлеңкелі экономиканың үлесін төмендетудегі маңызды қадам болмақ.

Биометриялық сәйкестендіруді енгізу мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс тиімділігін арттырып, өзара есеп айырысу кезінде деректердің шынайылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді деп күтіледі. Жоба ешқандай теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкелмейді, тек бұрыннан бар функционалды нығайтып, оны құрылымдалған әрі ашық етеді.

Айта кетсек, құжат Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы заңды іске асыру аясында әзірленіп отыр. Жаңа қағидаларды енгізу, салық процесін цифрландыру мен елдегі қаржылық тәртіпті нығайту стратегиясының бір бөлігі. 

Қазақстанда биометрия түрлі салада қолданылып келеді, атап айтқанда, сот кабинеті мен мемлекеттік қызмет порталынан бастап онлайн-кредит беру, банк пен микроқаржы ұйымдарында шот және карта ашуға дейін. 

Құжат 2025 жылғы 20 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Ұқсас материалдар