
2024 жылы республикалық бюджет кірісі жоспарланған 16,1 трлн теңгенің орнына 14,1 трлн теңгені ғана құрады. Орындау деңгейі 609 млрд теңгеге жетпей қалды. Салық түсімдерінің төмендеуі мен Ұлттық қор мен қарызға тәуелділік негізгі себеп ретінде аталды.
Жыл ішінде бюджетке 13 рет өзгеріс енгізілген, бұл – соңғы бес жылдағы рекорд. Шығындардың 26%-ы қайта қаралған. Аудит қорытындысы бойынша 862 млрд теңгеге бұзушылық анықталды, ал 135 млрд теңге бюджетке қайтарылды.