Мәселе ресейлік заңды тұлғалар үшін Ресей-Қазақстан шекарасы арқылы автомобиль көлігімен әкелінетін тауарларға қатысты.
Құжатқа сәйкес, ресейлік заңды тұлғалар мұндай тауарларды олардың Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) өнімі ретіндегі мәртебесін растайтын құжаттарсыз, сондай-ақ Одақтың немесе РФ заңнамасында талап етілетін таңбалаусыз немесе басқа ақпаратсыз әкеле алады.
Бұл ретте белгілі бір шарттардың сақтауы жағдайында мұндай өнімдерді әкелу кедендік ережелер мен өнімді таңбалау талаптарын бұзу болып саналмайды.
Міндетті шарттарға мыналар кіреді:
ресейлік алушылардың тауарларды тасымалдау және уақытша сақтауын қамтамасыз ету;
әкелу туралы Өнеркәсіп және сауда министрлігіне хабарлау;
кейіннен қажетті таңбалауды қолдану.
27 желтоқсанға дейін мұндай тауарлар қолданыстағы кеден ережелеріне сәйкес декларациялануы тиіс. Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі олар туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйеге енгізуге міндетті.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын бірлесе дамытуға келісті
- 11 желтоқсан, 2025





