Бригаданың басты міндеті қысқа мерзім ішінде 28-Д1,2 лавасына арналған жаңа желдеткіш штректі дайындау еді. Алайда жұмыс аймағы техникалық тұрғыдан күрделі болып шыққан: су кіргендіктен төбе мен табан бөлігі босап, қауіпсіздік деңгейі төмендеген. Осыған байланысты шахта басшылығы ең қиын учаскені айналып өтіп, жұмысты басқа бағыттан жүргізу туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде лаваның ұзындығы 40 метрге қысқарды, бұл өз кезегінде өндіріс қауіпсіздігін арттырып, тұрақты жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді.Бүгінде «Шахтинская» шахтасында екі негізгі лава – №12 және №28 жұмыс істеп тұр. Әрқайсысының ұзындығы шамамен 270 метр, ал қорлары тиісінше 400 және 500 мың тонна көмірге бағаланған. Сонымен қатар №16 және №26 жаңа лаваларын дайындау жұмыстары басталған. Көмір қабатына тікелей кіру учаскесінің түрі жұмыс қарқынына айтарлықтай әсер етеді: көмір қабаты бойымен қазу жеңілдеу болса, қатпарлы жыныстарда ауыр техника мен қосымша қауіпсіздік шаралары қажет.
– Тереховтың бригадасы аралас учаскеде жұмыс істеді, түрлі бекіту әдістерін қолданды. Ұжымды 56 адамға дейін толықтырдық. Ерекше еңбек нәтижесі үшін барлығына сыйақы беріледі, – дейді «Шахтинская» шахтасының директоры Денис Дымов.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Qarmet шахталарында заманауи байланыс жүйелері мен цифрлық технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Метан концентрациясын, температураны және өзге де параметрлерді нақты уақыт режимінде бақылайтын датчиктер орнатылған. Бұл қауіпсіздікті күшейтіп қана қоймай, еңбек өнімділігін де арттырады.Үңгушілер бригадалары компанияның жалпы көмір өндіру көлеміне елеулі үлес қосып отыр. Әрбір метр – бұл тек қара күштің ғана емес, сонымен қатар тәжірибе, тәртіп пен өзара түсіністіктің жемісі.
«Шахтинская» шахтасындағы жаңа рекорд Qarmet ұжымының әлеуетін айқын көрсетті. Күрделі геологиялық жағдай мен жоғары қауіпсіздік талаптарына қарамастан, кәсіби және ұйымшыл еңбек арқылы ерекше нәтижелерге қол жеткізуге болатынын дәлелдеді.





