
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, былтыр МӘМС аясында 1,1 трлн теңгеге медициналық көмек көрсетілді. Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12% жоғары.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап отандық денсаулық сақтау жүйесінде жаңа нормалар күшіне енеді.
Мәжіліс пен Сенат мақұлдаған тиісті заң Президенттің қол қоюына жолданған болатын. Қазақстандықтар мен денсаулық сақтау жүйесін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын Kazinform агенттігінің тілшісіне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтып берген еді.
— 2021 жылы Мемлекет басшысы кепілдендірілген және сақтандыру пакетіне кіретін қызметті нақты ажырату қажет екенін тапсырды. Жаңа заң жобасы аясында қызметті нақты бөлдік. Бұл емханалар үшін барлық қаржы және пациент ағынын басқаруға мүмкіндік береді, ашықтықты қамтамасыз етеді, — деді Ақмарал Әлназарова.
Екінші маңызды өзгеріс – онкологиялық скрининг міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) пакетіне көшірілді. Бұл бүкіл халыққа онкологиялық ауруларды ерте анықтау қызметтіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.