ЖАҢАЛЫҚТАР
«Павлодар» экономикалық аймағының инфрақұрылымын жетілдіруге 19 млрд теңге қажет

тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 184,6 млрд теңгеден асқан.
— Экономикалық аймақтың негізгі міндеттерінің бірі — отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы және инвестициялық-тартымды климатты қалыптастыру. Бұл бағытта қажетті инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда оның дайындығы 65,8%-ды құрайды. Инфрақұрылыммен толық қамтамасыз ету үшін жалпы құны шамамен 19 млрд теңгені құрайтын үш ірі жобаны іске асыру қажет. Атап айтқанда 4,7 км автожол, ұзындығы 2,7 км темір жол тармағының екінші кезегін салу және электрмен жабдықтау қуатын 40 МВт-қа ұлғайту. Бұл жобаларды іске асыру АЭА өндірістік әлеуетінің одан әрі өсуін және жаңа резиденттер үшін аймақтың тартымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.Қазіргі уақытта республикалық бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру рәсімдерін жылдамдату көзделіп отыр. Сондай-ақ жергілікті бюджет тарапынан қосымша қаржыландыру қарастырылуы мүмкін.