Бізге жазылыңыз:

Отандық сауда: Олжас Бектенов министрлерге бірнеше міндет жүктеді

Отандық сауда: Олжас Бектенов министрлерге бірнеше міндет жүктеді
Біріншіден, Сауда және интеграция министрлігі мен Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биыл 1 қазанға қарай тауар, жұмыс пен көрсетілетін қызмет жүйесінде тауарларды топқа бөлуді аяқтасын. Екіншіден, ведомстволық ақпараттық жүйенің тауарлардың ұлттық каталогімен сапалы интеграциясын қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіп, оларды жаңарту қажет, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Осы орайда Премьер-министр Қаржы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды. 

— Үшіншіден, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке белгіленетін сауда үстемесін бақылауды күшейту мақсатында Сауда және интеграция министрлігі биыл 1 қазанға дейін Көкшетау және Павлодар қаласында цифрлық азық-түлік ваучері пилоттық жобасын іске қосуды тапсырамын, — дейді ол.
Жоғарыда аталған тапсырмаларды үйлестіру мен бақылау вице-премьер Серік Жұманғаринге жүктелді. 

Бұған дейін Олжас Бектенов тауарды таңбалаудың маңыздылығын кәсіпкерлерге түсіндіру жұмысы жүргізілмей жатқанын айтқан еді. 

Сондай-ақ Үкімет басшысы Олжас Бектенов тауарларды өндірудің барлық процесін бақылайтын ұлттық каталог енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды.

Ұқсас материалдар