Бізге жазылыңыз:

Олжас Бектенов: Словакия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы сенімді серіктесі

Олжас Бектенов: Словакия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы сенімді серіктесі
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізге алғашқы ресми сапарымен келген Словакия Республикасының Премьер-министрі Роберт Фицомен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Словакия — Қазақстанның Еуропалық Одақтағы сенімді серіктесі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Республикасымен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға ерекше мән береді. Біздің елдерімізде өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, жоғары білікті адами капиталды дамыту, сондай-ақ қолайлы географиялық жағдай салаларында көптеген ұқсастықтар бар. Мұның бәрі Қазақстан — Словакия қатынастарын одан әрі нығайтуға берік негіз болады, — деп баса айтты Олжас Бектенов.

Ұқсас материалдар