
Бұл жайында Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Назым 48 келіге дейінгі салмақ категориясында финалдық кездесуде ресейлік Юлия Чумгалаковамен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы кездесуді бірінші раундтан бастап басқарып, екінші раундты да жеңіп шықты. Нәтижесінде, Назым Кызайбай төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, мансабындағы үшінші әлем чемпионаты атағына ие болды.
Бұған дейін ол 2014 және 2016 жылдары әлем чемпионатының алтын медалін иеленген болатын. Сонымен қатар, осы жарыста Наталья Богданова (70 кг дейін) қола медальді жеңіп алды.
Назым Кызайбайды жаңа жетістігімен құттықтап, оның кәсіби спорт жолында табыстар тілейміз!