Бізге жазылыңыз:

Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгеріс енгізу туралы құжатты қарайды

Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгеріс енгізу туралы құжатты қарайды
Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы енгізілді.
Бұл заң жобасы Парламент депутаттарының бастамашылығымен әзірленді. Құжат биыл референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясын жүзеге асыруға бағытталған. Заң жобасында техникалық түзетулер ескерілген
— Жалпы, түзетулер салық жүктемесін немесе салық салу тетіктерін өзгертпейді. Атап айтқанда құжат жобасы Салық кодексін жаңа Конституциямен үйлестіріледі және мемлекеттік институттардың жаңа моделін айқындайды. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті бұл заң жобасы бойынша тиісті мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын, — деді депутат Татьяна Савельева.

Ұқсас материалдар