Бізге жазылыңыз:

МҚҰ қызметі тоқтатылған жағдайда қарызды өтеу міндетті ме

МҚҰ қызметі тоқтатылған жағдайда қарызды өтеу міндетті ме
Ведомство мәлім еткендей, микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату, оның ішінде лицензия қайтарып алынған жағдайда қарыз алушылардың міндеттемелерін жоюды білдірмейді. Микрокредиттерді қайтару бойынша міндеттемелер толық көлемде сақталады.

— Талап ету құқықтары басқаға берілген жағдайда бұрынғы МҚҰ немесе жаңа кредитор алдындағы қарыз алушының берешегі өз күшінде қалады. Қарызды басқа кредиторға берген жағдайда қарыз алушыға берешекті өтеудің жаңа деректемелері мен тәртібі туралы хабарлануы тиіс, — деп ескертті агенттік.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтар микрокредиттерді ресімдеуге жауапкершілікпен қарауы қажет екенін айтады.

— Микрокредитпен бірге қарыз алушылар оны пайызбен қайтаруға міндеттеме алатынын есте ұстаған жөн. Микрокредит алу үшін МҚҰ-ға хабарласпас бұрын, компанияның заңды түрде жұмыс істейтініне көз жеткізу де маңызды. МҚҰ-да қолданыстағы лицензияның бар-жоғын Агенттіктің сайтында тексеруге болады. Қарыз алушылардың міндеттері ғана емес, тиісті құқықтары да бар. Егер МҚҰ-мен даулар туындаса, сіз микроқаржы омбудсманына тегін кеңес алу және құқықтарды қорғау үшін жүгіне аласыз, — деп түсіндірді ведомство.
Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстан Республикасында 29 микроқаржы ұйымы (МҚҰ) қызметін тоқтатты, оның 17-і — ерікті негізде, 12-і — уәкілетті органның шешімі бойынша. Негізгі себептер — заңнаманы, оның ішінде пруденциялық нормативтердің талаптарын жүйелі түрде бұзу.

Ұқсас материалдар