ЖАҢАЛЫҚТАР
Министрлік сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын қайта бекітуді жоспарлауда
— Бұл бұйрық жобасының мақсаты ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау және сұйытылған мұнай газының үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету. Құжатты қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкелмейді, — делінген хабарламада.
Жобаға сәйкес, сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын қайта белгілеу ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етуге және өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы теңгерімді сақтауға бағытталған.
Жария талқылау мерзімі 2025 жылдың 25 қарашасына дейін жалғасады.





