Бізге жазылыңыз:

Меморгандардың активтерін жекешелендіру жол картасы әзірленіп жатыр

Меморгандардың активтерін жекешелендіру жол картасы әзірленіп жатыр
Мемлекеттік органдардың активтерін жекешелендіру жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті.

— Азаматтық кодекстің 188-бабының 3-тармағына сәйкес, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, оның ішінде меншік иесі болып қала отырып, мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өкілеттіктерін басқаларға беруге, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оған өзгеше түрде билік етуге құқылы.

Дегенмен, Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис мемлекеттік органдардың активтерін өткізуді ұсынды. Қазіргі уақытта осы ұсынымдарды орындау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Офис жоспары аясында 2026 жылға арналған жол карталарын және жекешелендірудің базалық шарттарын бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірлеу басталды, — деді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.
Жол карталарында мыналар көзделеді:

— жекешелендірілетін кәсіпорындар қызметінің реттеушілік шарттарын өзгерту;

— тариф белгілеудің ынталандырушы әдіснамасын енгізу;

— өзара субсидиялауды кезең-кезеңімен жою;

— тарифтік реттеуді орталықсыздандыру;

— нарықты мемлекеттік секторсыз тұрақты жұмыс істеуге дайындауға бағытталған өзге де шаралар.

— Офистің 2026 жылға арналған жоспарында жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың теңгерімдеріндегі мемлекеттік органдар мүлкіне жекешелендіру тұрғысынан талдау жүргізу де көзделген. Жекелеген нарықтардың сезімталдығын ескере отырып, салалық министрліктердің ұсыныстары келісілген ұстанымды әзірлеу үшін Офистің қарауына шығарылады, — деді ведомстводан.

Ұқсас материалдар