ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік компаниялар бюджетке төлейтін дивидентін толық аудармай жатыр
2025 жылы қабылданған жаңа Бюджет кодексінде әрбір ұлттық компаниядан бюджетке төленетін дивидендтердің көлемі кемінде 50%-70% аралығында болу керек деп көрсетілген. Бұрын мұндай ең төменгі шек жоқ еді.
Соған қарамастан 2026-28 жылдарға арналған республикалық бюджетте мемлекеттік компаниялардан түсетін жыл сайынғы дивидендтің жоспарлы көлемі 2024 жылы төленген дивидендтерден екі есе аз бекітілген.





