SDF-те 1,9 млн жеке кәсіпкер, 584 мың заңды тұлға және 20,4 млн жеке тұлға туралы мәліметтер бар. Мұнда салық төлеушінің сандық профилі қалыптасады: мүлік, жұмыс орны, салық төлеу, АӘК алушының мәртебесі туралы ақпарат. Заңды тұлғаларда қосымша еңбекақы төлеу қоры, қызметкерлер саны, салық есептілігінің және электрондық шот-фактуралардың тарихы тіркеледі.
— Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі ескірген 7 шешімді бірыңғай платформаға біріктіріп, кәсіпкерлерді тіркеуден бастап компания жабылғанға дейін толық салықтық қолдауды, соның ішінде дербес шоттарды жүргізуді, есептілікті қабылдауды, салық органдарының бақылау шараларын және мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етті. Атап айтқанда, Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі 13 млн пайдаланушы үшін жүйенің қолжетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Салық төлеушілердің жаңа кабинетінде бір мезгілде 100 мыңнан 250 мың пайдаланушыға дейін жұмыс істеу мүмкіндігі ұлғайтылды. Құжаттарды өңдеу уақыты бір сағаттан 1 минутқа дейін қысқарды, — деді ол.
Әнуар Сүлейменовтің атап өтуінше, Астана-1 жүйесі кедендік процестерді автоматтандырады. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қашықтықтан өзара іс-қимылын енгізеді және жасанды интеллект элементтерін пайдаланады. Интеллектуалды іздеу жүзеге асырылып, мәліметтерді толтыру кеңестермен бірге жүреді.





