
— Жалпы қайырымдылық шаралары 1749 баланы қамтыды. Мұндай шараларды өткізуге демеушілер: банк басшылары, жеке кәсіпкерлер, партия қайраткерлері және әскери зейнеткерлер едәуір көмек көрсетті. Әрбір баланың және әрбір отбасының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын білетін отбасымен жұмыс істейтін қызмет басшылары, сондай-ақ әскери қызметшілер де шетте қалмады, — деп атап өтті ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Тәттігүл Смағұлова.Одан бөлек оқу жылы қарсаңында қызметтер балаларға арнап экскурсиялар, кинотеатрларға, мұражайларға және спорттық іс-шараларға бару ұйымдастырды. Астанада әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі бөлім 300-ден астам әскери қызметшінің балаларын қуыршақ театрына және елордалық циркке тегін апарды.
Іс-шаралар әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау, жеке құрамның моральдық жағдайын нығайту және ата-аналары Отан қорғау міндеттерін орындайтын балалардың оқуына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды.