Бізге жазылыңыз:

Ұлттық статистика бюросы: Қазақстанда астық жинайтын комбайндар өндірісі артты

Ұлттық статистика бюросы: Қазақстанда астық жинайтын комбайндар өндірісі артты
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде 449 бірлік астық жинайтын комбайн өндірілді. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65,7 пайызға артық, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторлар өндірісі де 39,3 пайызға өскен. Есепті кезеңде 3 915 трактор шығарылған.

Бюро дерегінше, қаңтар–мамыр аралығында отандық тракторлардың Қазақстан нарығындағы үлесі 46,7 пайызды құрады.

Ұқсас материалдар