Бізге жазылыңыз:

«Ұлттық қор — балаларға»: қазақстандықтар 16,51 млн АҚШ доллар жинақты пайдаланды

«Ұлттық қор — балаларға»: қазақстандықтар 16,51 млн АҚШ доллар жинақты пайдаланды
Қор ұсынған мәліметке сүйенсек, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 10,56 млн АҚШ долларына 78 862 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,95 млн АҚШ долларына 47 606 өтініш орындалды.

— Нысаналы жинақты алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында қала береді. Қазақстандықтар қордағы қаржысын көбіне тұрғын үй құрылысы жинағындағы салымды толықтыруға, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны өтеуге және жеке меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) жұмсады, — делінген хабарламада.
Одан бөлек, қор қаржысын білім алуға жұмсауға болады. 

— Білім алу ақысын төлеу бойынша қазақстандықтар көбіне ел аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметіне (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (5,29 млн АҚШ долларына 41 870 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (475,14 мың АҚШ долларына 4 163 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметіне (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге жұмсады (151,67 мың АҚШ долларына 1 284 өтініш орындалды), — дейді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан.
Нысаналы жинақ төлемін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. 

— Нысаналы жинақ төлемін алу үшін алушыға не оның заңды өкіліне БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасаған уәкілетті операторға жүгіну қажет. Өтінішті «Отбасы банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның бірінің интернет-ресурсы немесе мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. 1 тамыздан бастап аталған тізім «Банк ЦентрКредит» АҚ уәкілетті операторымен толықтырылды, — деген хабар таратып отыр қор.

Ұқсас материалдар