
Айта кету керек, 9 айда Ұлттық қорға барлығы 5 трлн 238 млрд 786 млн 755,5 мың теңге кіріс түскен. Оның ішінде 2 трлн 480 млрд 802 млн 213 мың теңгесі – қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс.
Осы 5,2 трлн теңгенің 3 трлн 863 млрд 34 млн 763,7 мың теңгесі жұмсалған. Оның ішінде кепілдік берілген трансферттерге 2 трлн теңге, мақсатты трансферттерге 1 трлн 830 млрд теңге, қорды басқару мен сыртқы аудит шығындарына 33 млрд 34 млн 763,7 мың теңге бағытталған.
Ал 2024 жылы Ұлттық қорға 8,8 трлн теңге кіріс түсіп, 5,6 трлн теңге алынған болатын.