ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұлттық банк жаңа күміс монеталарды сатуға шығарады
«Сиқырлы нышандар» сериясынан «TÁŃIRLIK KÚNTIZBE» мен «Күн жүйесінің планеталары» сериясынан «MERCURY» коллекциялық күміс монеталары 20 ақпаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады. «TÁŃIRLIK KÚNTIZBE» монетасы күмістен соғылған, сынамасы – 925. Монетаның салмағы 100 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 500 (бес жүз) дана. «MERCURY» монетасы да 925 сынамалы күмістен соғылған. Алтын жалату технологиясы қолданылған монетада тантал қондырмасы да бар. Монетаның салмағы 35 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1000 (бір мың) дана.
Коллекциялық монета Қазақстан теңге сарайында дайындалған.