Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк 2026 жылғы инфляция болжамын өзгертті

Ұлттық банк 2026 жылғы инфляция болжамын өзгертті

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемеге қатысты өткен брифингте инфляцияның өзгеруіне де тоқталды. Оның айтуынша, 2026 жылға арналған инфляция көрсеткіші қайта қаралған.  

— 2026 жылы инфляция 9–11% аралығында қалыптасады деп күтіледі. Бұған дейін бұл көрсеткіш 9,5–11,5% деңгейінде еді. Түзету инфляцияның нақты баяулауымен, тұтынушылық несиелеудің азаюымен және айырбас бағамының нығаюымен байланысты, — деді ол.

Ал 2027 жылға арналған болжам өзгеріссіз қалып, 5,5–7,5% аралығында сақталды.

Ұлттық банк инфляцияның төмендеуін қатаң ақша-несие саясаты, бюджет тәртібі, ішкі сұраныстың тұрақтануы және тарифтік саясаттың болжамдылығы арқылы қамтамасыз етуді көздейді.

— Сыртқы инфляциялық ахуал тұрақталып, Үкімет пен Ұлттық банк қабылдап жатқан шаралар жалғасса, 2028 жылы инфляция 5% нысаналы деңгейге жақындайды, — деді Сүлейменов.

Ұқсас материалдар