
Қызылорда облысының әкімдігі SOVICO Group холдингімен «Қорқыт Ата» әуежайын сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.
Көлік және Сыртқы істер министрліктерімен қол қойылған меморандум аясында тараптар авиаинфрақұрылымды дамыту, сауда-логистикалық орталықтар мен туризм нысандарын салу бағытында ынтымақтастық орнатады.
SOVICO Group-пен әріптестік орнаса, VietJet Qazaqstan (бұрынғы Qazaq Air) авиапаркін Қызылордада орналастыру, жүк тасымалдарын жолға қою және жаңа рейстер ашу жоспарланып отыр.