Бізге жазылыңыз:

Қызылорда облысында «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Қызылорда облысында «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Қазақстанда жаңа «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы ашылды. Бұл аймақ Қызылорда облысында, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақын орналасқан. Жалпы ауданы – 550 гектар.

Болжам бойынша, 2049 жылға дейін инвестициялар көлемі 150 млрд теңгеден асады, оның 80 млрд теңгесін шетелдік инвесторлар қамтамасыз етуі мүмкін. 3 366 жаңа жұмыс орны құрылып, 39 кәсіпорын ашылады деп күтілуде.

Өндірілетін өнім мен қызмет көлемі 500 млрд теңгеге жетеді. Қазақстандық үлес 90%-ға дейін болады. СЭА аумағында салық және кеден жеңілдіктері қарастырылған.

Ұқсас материалдар