Бізге жазылыңыз:

Қытай компаниясы Қазақстанға 1 млрд доллар инвестиция бөлмек

Қытай компаниясы Қазақстанға 1 млрд доллар инвестиция бөлмек
Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов China Energy компаниясының президенті Цяо Сюбинмен кездесті. Кездесу барысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлары нақтыланды. Қытайлық компанияның жалпы инвестиция көлемі 1 миллиард АҚШ долларынан асады», – делінген хабарламада.

Министрліктің ақпаратына қарағанда, Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын күн электр стансасы, ал Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр стансасы салынбақ. Бұл жобалар – COP-29 конференциясы аясында қол қойылған жаңартылатын энергия көздері саласындағыҮкіметаралық келісімнің нақты нәтижесі.

Сондай-ақ кездесуде тараптар «Қазақтелеком» АҚ-пен бірлесіп деректерді өңдеу орталығын салу жобасын талқылаған. Жобада орталықтың энергиямен қамтамасыз етілуі жаңартылатын энергия көздеріарқылы жүзеге асырылмақ. Бұл бастама Қазақстан үшін стратегиялық маңызды екі бағытты яғни, «жасыл» энергетика мен цифрлық инфрақұрылымды дамытуды біріктіреді.

Ұқсас материалдар