Қазір Kaspi Bank пен Қазақстан Халық Банкінің (Halyk Bank) POS-терминалдары толыққанды бақылау-касса машинасы (БКМ) ретінде жұмыс істейді. Олар штрих-кодтарды сканерлеу функциясымен жабдықталған. Жақын арада мұндай мүмкіндіктер Freedom Bank Kazakhstan және Банк ЦентрКредиттерминалдарында да іске қосылмақ.
2026 жылдан бастап не өзгереді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне енгізілген жаңа талаптар күшіне енеді. Соған сәйкес:
- Чекте тауар атауы міндетті: Енді чекте тауардың немесе қызметтің атауы Ұлттық тауарлар каталогына (ҰТК) сәйкес нақты көрсетілуі тиіс.
- Чекті жоюға тыйым салынады: Чекті жай ғана өшіріп тастау мүмкін болмайды. Кез келген түзету тек «қайтару чегін» ресімдеу арқылы жасалады.
- Геолокация: Фискалдық деректер операторлары (ФДО) кассалық аппараттың қай жерде тұрғаны туралы деректерді МКК-ге беріп отырады.
Кәсіпкерлер не істеуі керек
Жаңа талаптарға сай болу үшін кәсіпкерлерге БКМ құрылғыларын жаңарту қажет:
- Бағдарламалық кассалар: Олар 2.0.3 хаттамасына автоматты түрде жаңартылған.
- Стационарлық кассалар (Меркурий, Миника, Порт т.б.): Аппараттардың иелері техникалық қызмет көрсету орталықтарына барып, қолмен жаңартуы тиіс.
- Сканерлеу: Тауар атауын чекте көрсету үшін POS-терминалдағы сканерді, телефон камерасын немесе кассаға жалғанған жеке сканерді пайдалану міндетті.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жолақы, тұрғын үй, медицина: Қазақстан азаматтарына Қатарға жол ашылды
- 18 желтоқсан, 2025





