
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 527,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 530 теңге.Еуро 542 — 549 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 534 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,80 - 5,05 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 5 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 525,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,88 теңге. Еуро — 546,74.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.