ЖАҢАЛЫҚТАР
Коммуналдық секторға әртүрлі қаржы көздерінен 1,9 триллион теңге тартылады
— Бұл міндеттерді орындау үшін қаржылық инвестициялар мен басқарушылық, техникалық біліктілік қажет. Сондықтан жұмыс екі негізгі бағытта, яғни жалпы трансферттер мен Энергетика мен коммуналдық секторды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба аясында несиелік қаражаттар есебінен жүргізілетін болады. Осы жылға жалпы трансферттер аясында 128 миллиард теңге, оның ішінде сумен жабдықтауға 78 миллиард теңге, су бұруға — 50 миллиард теңге бөлінді. Өз кезегінде, министрлік жобалардың іске асырылу барысына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, — еді ол.
Вице-министр Ұлттық жоба аясында коммуналдық секторға әртүрлі қаржы көздерінен 1,9 триллион теңге тарту жоспарланғанын атап өтті.
— Жобаларды кешенді жоспарлау және бақылау үшін Техникалық оператор институты енгізілді. Оның басты қызметі — табиғи монополия субъектілерінің өтінімдерін қарау, жобалау кезінде қазақстандық өнімге басымдық беру, техникалық және технологиялық шешімдерді сараптау мен мониторинг жүргізу. Алайда, аталған институт тапсырыс берушілер мен әкімдіктердің функцияларын қайталамайды, техникалық-технологиялық шешімдердің сапасы мен тиімділігін қадағалайтын болады, — деді Қуандық Қажкенов.
Сонымен қатар ол қаржыландыру көзін анықтау және тарифті кепілдендіру үшін Қаржылық оператор институты енгізілгенін атап өтті.
— Қабылданған шаралар жобалық қателіктердің салдарынан туындайтын шығындар мен мерзімнің ұзаруын алдын алуға мүмкіндік береді. Жалпы Ұлттық жоба аясында 2,8 мың шақырым су бұру және 5 мың шақырым сумен жабдықтау желілері, сонымен қатар 45 қалада кәріз тазарту құрылыстары жаңартылады. Нәтижесінде 2030 жылға дейін сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 33 пайызға, су бұру желілерін 41 пайызға дейін төмендету жоспарлануда, — деді вице-министр.





